Түркістанда үйленбек болған жігіт достарымен бірге сотталып кетті

0
0

Түркістан қаласында 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінен төрт жігіт көлікке күштеп мінгізіп, алып кеткен

Түркістан қалалық соты қыз алып қашқан төрт жігітке үкім кесті.

20 жастағы бойжеткенді еркінен тыс ұрлап, көндіру үшін зорлағандардың алды сегіз жылға сотталды, деп хабарлады «Астана» арнасы.

«Сот үкімімен үш сотталушыға қатысты «адам ұрлау» бабымен әрқайсына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір сотталушы «Адам ұрлау» және «Зорлау» баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңбырбаева.

Бұл оқиға былтыр 3 желтоқсан күні Түркістан қаласында болған еді. 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінен төрт жігіт көлікке мінгізіп, алып кеткен. Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне әкеліп, болашақ «күйеу» жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған. Тіпті өміріне  қауіп төндіріп, еркінен тыс зорлағаны сотта өз дәлелін тапты деді телефон арқылы сұқбат берген сот төрағасы.

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен бұған дейін жігіттің жеңгелерін де жауапқа тартуды сұраған болатын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз