Түркістанда оқушы қыздың сәбиінің әкесі жігітінің досы болып шықты

0

Түркістанда 15 жастағы қыз жастайынан ана атанды. Өзінен 10 жас үлкен жігітпен жыныстық қатынаста болған қыздың баласының әкесі басқа жігіт екені анықталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқатта» айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістанда 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Назакат Рәметова 13 жасында өзінен үлкен жігіттермен жыныстық қатынаста болғанын мойындайды. Тіпті жүкті екенін білген соң өзі сүйген жігітпен бір шаңырақ астында тұрғанын айтады. 15 жасында баласын өмірге әкелген. Бұл кезде қандай да бір себептермен сүйгені бөлек кетіп қалған екен.

Тергеу кезінде Назакаттың жігіті Хасанның Кәрім есімді досы да жауапқа алынған. Ол тергеушілерге Назакатпен екі рет төсектес болғанын айтқан. Кейіннен бұл сөзінен айнып шықты.

Сарапшылар бағдарлама барысында екі жігітке де ДНҚ сараптамасын жасап көрді. Нәтижесінде ұл баланың әкесі Назакатпен бірге тұрған Хасан емес, оның досы Кәрім екенін белгілі болды. Бұл жас ана үшін де, ата-анасы үшін де тосын, Кәрім үшін де тосын хабар еді.

«Мен баламның әкесі Хасан деп ойладым. Біз бірге тұрдық. Ол менімен мәңгі бірге болам деген еді. Құдай ажыратпаса, ешкім ажыратпайды деген еді. Кәрімнің менің ұлымның әкесі екенін білген жоқпын. Бәрі үшін өкінемін. Осылай аяқталғанына да өкінемін», — деп ақталды Назакат.

Ешқандай жақындық болмады деп ақталған Кәрімнің де сөзі теріске шықты.

«Мені Назакатпен бөлесі таныстырды. Мен онымен екі рет төсектес болдым деп айтқаным рас. Бірақ маған қысым көрсетті. Сол үшін айттым. Назакатты Хасанмен таныстырдым. Одан кейін араласқан жоқпыз», — деді Кәрім.

Кәмілет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті еткені үшін іс полиция назарына ілікті. Бұдан қорыққан Хасан Назакатпен мешітте мұсылманша неке қидырған. Ата-анасының рұқсаты болмаса да имам некени қиған.

«Тергеуші Хасанға мұсылманша неке қидыру керек екенін айтқан. Ссын мешітке барып неке қидырдық. Мұсылманша неке қию қағазын алдық», — деді Назакат.

Заңгерлердің айтуынша, тергеушінің мұндай кеңесі қылмысқа жатады. Тіпті мешітте заңды куәліксіз неке қиылмауы керек. Ал мұсылманша неке куәлігінің заңды күші жоқ.