Қазақстанда жоғарғы сыныптағылар мен студенттер жаңа жылдан бастап партаға отырады

0
110

Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі мекемеаралық комиссия білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен мектеп оқушылары мен студенттерді оқу орнына қайтару жөнінде шешім шығарды.

Шешімге сәйкес, III-тоқсаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, (9, 11, 12-сынып оқушылары) оқушылар аралас оқуға (пәндерді 70 проценті дәстүрлі форматта, 30 проценті қашықтан) көшеді.

III-тоқсаннан бастап білімдерін жетілдіру үшін сабақтан тыс кезде, бес адамнан артық емес топтарға жеке дәріс жүргізуге рұқсат етіледі.

Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері II-тоқсаннан бастап аралас оқу жүйесіне көшеді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тәулігіне 0,4 процентке өскен. Қазақстанның бес аймағы – Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары вирус жұқтыру қаупі зор аймақтарға жатады.

Комиссия қаңтар-ақпан айларында ОРВИ мен тұмау көбею науқаны кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар да артуы мүмкін деп қауіптенеді. Осыған байланысты 25 желтоқсаннан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жаңа жылдық мерекелік шаралар ұйымдастыруға тыйым салынды.

Әкімдерге вакцина егу орындарын дайындауға шақырды.