Түркістанда «ақылды» орындықтар орнатылды
Smart орындықтарды күтіп ұстаса, 15 жылдай пайдалануға болады
АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Түркістан қаласында «ақылды» орындықтар орнатыла бастады.
Әрқайсысы 170 мың теңге тұратын, 9 smart oryndyq шаһардағы халық көп жүретін рәміздер алаңы мен Есімхан алаңындағы арбатқа және «Парасат» саябағына қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұнда ешқандай электр энергиясын қолданбай-ақ, USB кабелі арқылы ұялы телефоныңызды қуаттап алуға болады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында орнатылған смарт-орындықтар күннен қуат алады.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар күтіп ұстаса, 15 жылдай пайдалануға болады.
«Мына орындыққа отырса болады, тұрғындардан жанындағы күннен энергия алатын панелге отырмауын сұраймыз. Ұқыпты ұстаса дейміз, себебі бұл да арзан дүние емес», — дейді инженер-технолог Азамат Алтаев.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/