Түркістан соты 22 наурызда ұсталған тұрғынның шағымын қанағаттандырмады

0
108

Түркістан облыстық соты «шылым шегіп, тұқылын тастады» деп айыпталып, үш күнге қамалған қала тұрғыны Қайрат Сұлтанбектің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот 29 сәуір кешкісін Түркістанда өтті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

26 наурызда Ордабасы аудандық соты Қайрат Сұлтанбекті Әкімшілік кодекстің «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыптап, үш күнге қамау туралы шешім шығарған. Сұлтанбектің айтуынша, полиция оны «шылым шегіп, қалдығын тастады» деп айыптаған. Ол үш күнге қамалуын белсенділігімен байланыстырады.

– Мені 22 наурызда Шымкенттегі Дендрасаябақ алдына наразылық білдіріп шыққаным үшін қудалап жатыр деп ойлаймын. Қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын тастамағанымды қанша дәлелдесем де, сот апелляциялық шағымымды қанағаттандырмады, – дейді ол.

22 наурызда Шымкенттегі Дендрасаябақтың маңында полиция Қайрат Сұлтанбекті ұстап әкеткен. Осы күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте полиция көшеде ондаған адамды ұстаған. Полиция адамдарды не үшін бөлімшеге әкеткендерін ашып айтпаған.

Қайрат Сұлтанбекті полиция ұстаған сәт. 22 наурыз 2019 жыл.

Azattyq