Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында жүйелі заңбұзушылықтар орын алып келгені анықталды
«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан қалалық филиалының goszakup.gov.kz порталына жүргізілген мониторинг барысында «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2019-2021 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұза отырып келісім шарттар түзілгені туралы Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арыз жолдаған болатын.
2022 жылды сәуір айында аяқталған аудиторлық тексерудің нәтижесінде төмендегідей заңбұзушылықтар орын алғаны белгілі болды:
1) Басқарма мен ЖК «ADN inc» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 8 928,6 мың теңгеге «Ұлы дала өркениеттері» атты деректі фильм түсіру қызметін сатып алуға 08.12.2019 жылы №137 шарт түзілген;
2) Басқарма мен ЖК «ADN inc» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 8 928,6 мың теңгеге «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты деректі фильм түсіру қызметін сатып алуға 08.12.2019 жылы №135 шарт түзілген;
3) Басқарма мен ЖК «ADN inc» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 8 928,6 мың теңгеге «Тірегіміз-Татулық» атты видеосюжет дайындау қызметін сатып алуға 21.12.2019 жылы №142 шарт түзілген;
4) Басқарма мен ЖК «ADN inc» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 8 928,6 мың теңгеге «Жастар-ел тірегі» атты видеосюжет дайындау қызметін сатып алуға 21.12.2019 жылы №143 шарт түзілген;
5) Басқарма мен «ДОС» Қазақстанның жас ғалымдар одағы» ҚБ арасында Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 19 375,0 мың теңгеге «ЖАСТАР-ЕРІКТІЛІК-ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ» іс – шарасын ұйымдастыру қызметін сатып алуға 11.12.2019 жылы №131 шарт түзілген;
6) Басқарма мен «ДОС» Қазақстанның жас ғалымдар одағы» ҚБ арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 20 982,1 мың теңгеге «РУХАНИ ДАМУ-ГУЛДЕНУ НЕГІЗІ» атты шара ұйымдастыру қызметін сатып алуға 11.12.2019 жылы №132 шарт түзілген;
7) Басқарма мен ЖК Берстемова Айпарша арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 22 946,4 мың теңгеге «Uly Dala tarihy» жобасын ұйымдастыру қызметін сатып алуға 20.02.2020 жылы №26 шарт түзілген;
8) Басқарма мен ЖК АУЕЗ арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 17 678,6 мың теңгеге «Turkistan: Azamattyq qogam, serpilis, jana bagyttar» жобасын ұйымдастыру қызметін сатып алуға 27.02.2020 жылы №28 шарт түзілген;
9) Басқарма мен «Нұрлы болашақ» ҚБ арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 25 892,9 мың теңгеге «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» атты шара ұйымдастыру қызметін сатып алуға 28.02.2020 жылы №29 шарт түзілген;
10) Басқарма мен ЖК «3DKZ» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 15 000,0 мың теңгеге «Uly Dala tarihy» жобасын ұйымдастыру қызметін сатып алуға 19.11.2020 жылы №168 шарт түзілген;
11) Басқарма мен ЖК «NB-service» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 6 607,1 мың теңгеге «Түлеген Түркістан: облыстың 3 жылдығы» атты бейнесюжет дайындау қызметін сатып алуға 12.08.2021 жылы №140 шарт түзілген;
12) Басқарма мен ЖК «NB-service» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 6 339,3 мың теңгеге «Тәуелсіздік тұғыры: даму мен жаңғырудың 30 жылы» атты бейнесюжет дайындау қызметін сатып алуға 12.08.2021 жылы №141 шарт түзілген;
13) Басқарма мен ЖК «NB-service» арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 6 428,6 мың теңгеге «Жарылыс жаңғырығы: Арыс апатына – 2 жыл» атты бейнесюжет дайындау қызметін сатып алуға 12.08.2021 жылы №142 шарт түзілген;
14) Басқарма мен Ермахан Мырзабай Болатұлы арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 18 000,0 мың теңгеге «BIZBIRGEMIZ TURKISTAN» жобасын ұйымдастыру қызметін сатып алуға 15.09.2021 жылы №149 шарт түзілген;
15) Басқарма мен «LT ENGINEERING» ЖШС арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 21 875,0 мың теңгеге «Turkistan BAQ 2021» аясында ақпараттық материалдар мен жарияланымдарды дайындау сценариін сатып алуға 07.07.2021 жылы №112 шарт түзілген;
16) Басқарма мен «Carat Construction» ЖШС арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 24 600,0 мың теңгеге «Uly Dala tarihy» атты роликтер дайындау қызметін сатып алуға 05.02.2021 жылы №28 шарт түзілген;
17) Басқарма мен «Carat Construction» ЖШС арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 24 600,0 мың теңгеге «Uly Dala tarihy» атты роликтер дайындау қызметін сатып алуға 05.02.2021 жылы №28 шарт түзілген;
18) Басқарма мен ЖК КУЛУМБЕТОВ арасында МСА Заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасы негізінде, жалпы сомасы 12 300,0 мың теңгеге Түрленген Түркістан атты роликтер дайындау қызметін сатып алуға 05.02.2021 жылы №26 шарт түзілген;
Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (Бұдан әрі – МСА Заңы) 39 бабы 3 тармағы 3–тармақшасына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.
Алайда, аудиторлық тексеру барысында аталмыш өнім берушілердің жалпы сомасы 295 139 295,70 теңгені құрайтын келісім-шарттарда көрсетілген өнімдерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлға болып табылмайтындығы анықталды. Осыған сәйкес, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы мен өнім берушілер арасында жасалған аталмыш келісім шарттар – Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 39 бабы 3 тармағы 3 – тармақшасының талаптары негізсіз басшылыққа алынып, МСА Заңының 5 бабы 11 тармағында көрсетілгендей, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауды Заңдa айқындалған тәртіппен, яғни, бір көзден алу тәсілінен басқа мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері қолданылмай, МСА Заңының 4 бабы 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік; мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттары сақталмай түзілген.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша лауазымды адамдарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы 11 бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан қалалық филиалының жетекшісі
Амангелді Қалыбек