Еуропаның үш елі Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың ұшағын өткізбеуге уағдаласты

0
1102

Болгария, Солтүстік Македония және Черногория Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұшағын өздерінің әуе жолынан өткізбеуге шешім қабылдады.

«Бұл шешім Ресей министрінің 6-7 маусымда Белградқа жасайтын сапары алдында болып отыр» деп жазады Сербияның «Кешкі жаңалықтар» басылымы. Сайт Черногрия билігінің мөрі басылған құжатын көрсеткен.

Ресей сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі «Интерфакске» аталған үш елдің Лавров ұшағына тыйым салғанын растаған.

Сербия газеті өткен апта басында Сербия президенті Александр Вучич Лавров сапарына байланысты логистикалық қиындық туғанын жариялаған. 6 маусымда Вучич Ресейдің Белградтағы елшісі Александр Бокан-Харченкомен кездеспек болған.

Бүгін, дүйсенбіде Вучич Лавровтың Белградқа сапары жайлы үндеу жасауға тиіс.