Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы үкіметке бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су астында қалған ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге уәде берді.
«Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Еске сал кетейік, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Келесі күні, 2 мамырда Қазақстанның Мақтаарал ауданындағы шекара коллекторы суға толды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Өзбекстан президентіне телефон соқты
2 мамырдан бастап 14 елді мекеннен 31,6 мың тұрғын эвакуацияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын 404 миллион теңгеге немесе 955 мың долларға бағаланып отыр.
5 мамырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккендердің барлығына толық көлемде өтемақы төленеді деп мәлімдеді.
sputniknews.kz