Түркістан облысындағы шекарада қалып қойған Тәжікстан азаматтары елдеріне қайтты — Қазақстан жаңалықтары
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы кеден бекеттерінде бір айға жуық тұрып жатқан Тәжікстан азаматтарына толықтай көмек көрсетілді. Шекараның жабылуына орай өз елдеріне жете алмай қалған шетел азаматтарына әкімдік өкілдерімен бірге жергілікті тұрғындар да қажетті заттарын жеткізіп берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін, коронавирусқа байланысты көрші елдермен байланыс тоқтағандықтан, Қазақстан жерінде жұмыс істеген екі жүзден астам Тәжікстан тұрғыны үйлеріне жете алмай қалған еді. Олар жатын орын ұйымдастырып, азық-түлік әкеліп берген қайырымдар жандардың әрекетіне ризашылығын білдірді.
«Нанын берді, ана жерге келіп Құдай тамағын берді, самаурынға шай қойды. Оларға көп рақмет. Өзінен шығарып, көңілдерімен берді», — деді Тәжікстан азаматы Райхон Сукурова.
Сарығаштағы Жібек жолы бекетін тәжік азаматтарының тұраққа айналдырғанына бір айдан асқан. Олардың қатарына еліне жете алмай қалған Өзбекстан азаматтары да бар. Айтуларынша, жергілікті тұрғындар барынша көмектесіп жатыр. Ауыл мен аудан әкімдері қажеттерін жеткізіп отыр.
«Тәжікстан азаматы кәсіпкерлермен бірге қонақ үйге жатқызған. Ол кезде аздау болған. Қазір көбейіп жатыр. Оларға біздің азаматтар, аудан, ауыл әкімшілігі болып көмек ұйымдастырып жатыр», — деді Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылының әкімі Талғат Әзімбердиев.
Шекарадан өте алмай қалғандардың көбі отбасын асырау үшін өзге мемлекетке жұмыс стеуге келген, оладың ішінде құрылыста жүргендер де жетерлік. Араларында қарт кісі де, кішкентай нәресте де бар.
«Қазақтың қонақжайлығы қиналған сәтте жабырқау көңілімізге жұбаныш болды», — дейді олар.
Ұзақ уақыт Қазақстан аумағында қалып қойған Тәжікстан азаматтар 2 маусым күні түнделетіп Өзбекстан шекарасына кірді.
stan.kz