Үндістанда тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды

0
0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қаскөйлер ер адамды ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап жерге көміп кеткен. Ол маталған аяқ-қолымен ирелеңдеу арқылы құмды ығыстырып жер бетіне шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Үндістанның Гондаль қаласының тұрғыны таңғажайып жағдайда ажалдан аман қалды. Қылмыскерлер ер адамды жерге тірідей көміп кеткен, деп хабарлайды жергілікті полиция дерегіне сүйенген The Times of India басылымы.

Капил Маракананың бұрынғы жұмыс берушісі шығын келтірді деп айыптайды. Ол серіктестерін азғырып Маракананы ұрлап, қала сыртына шығарып ұрып-соғады. Онымен қоймай аяқ-қолы байланған адамды тірідей жерге көміп кетеді.

Маракананың айтуынша, өзі көмілген жер құмды болғандықтан оған аман қалу бақыты бұйырған. Ол маталған аяқ-қолымен ирелеңдеу арқылы құмды ығыстырып жер бетіне шыққан.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында теміржолшылар ағашқа шығып аман қалды

Осылайша, ажалдан аман қалған жәбірленуші тәртіп сақшыларына шағымданып, болған оқиғаны бастан-аяқ баяндайды. Қазіргі кезде қаскөйлер тұтқындалып, заң алдында жауапқа тартылуда.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз