Түркістан облысында «қызғалдақ жұлған» сегіз азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

0

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген «грейг қызғалдағын жұлғандарды» полиция жауапқа тартып жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Департамент мәліметінше, грейг қызғалдағын жұлған сегіз адам Қылмыстық кодекстің өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бабымен сотқа тартылған.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Азаматтар бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынуы не қоғамдық жұмыстарға тартылуы, болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеліп не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1 сәуірден бері облыста «Қызғалдақ» шарасы өтіп жатыр. Шара 30 сәуірге дейін жалғасады. Түркістан облысында қызғалдақтың бірнеше түрі өседі.

Azattyq