«Түрім оттай береді»: Шаһизада өзі туралы шындықты айтып жұртты таңғалдырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Шаһизада «Өз ойым» бағдарламасына берген сұхбатында шынайы жасы мен бүгінде немере тәрбиелеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шаһизада

«Өз ойым» ток-шоуына сұхбат берген  Шаһизада «Қырыққа жеттіңіз бе?» деген жүргізушінің сұрағына «Ойбай, көке. Асып кеткенбіз. Негізі айтады ғой бетім оттай береді деп. Сол сияқты көңіл жас қой әлі» деп жауап берді. 

Бүгінде 53 жасқа таяған Шаһизада екі баланың әжесі. Әже болса да көңілі 18-де екенін жасырмады әнші. 

«Алланың берген жасын ешуақытта жасыра алмайсың» деп өкініп те алды. Ел алдында жүрген Шаһизада ханымның сырт келбетіне ерекше мән беретінін жуырда шыққан «Айна» бейнебаянынан-ақ байқауға болады. 

 


Әншінің берген жауабына оқырмандар «Шаһизада апа спортпен айналысады. Фигурасы зың ғой, әдемі сосын», «Жаным Шаһизада, сізді жақсы көремін. Жас көрінесіз» деп таңғалғандарын жасырмады. Сондай-ақ, арасында айтқан сөзін сынағандар да болды. 



stan.kz