Түркістан облысында қарилар орталығы ашылды

0

Түркістан облысында қарилар даярлайтын жаңа орталық ашылды.

Түркістан облысы, Кентау қаласында Алланың кәләмін насихаттайтын «Балаби қари» Құран жаттау орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына арнайы келген наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының сәлемін жеткізіп, арнайы сыйлығын табыс етті.

Заманауи үлгімен салынған орталықта 80 бала Құран жаттап, діни білім алатын болады.

Baq.kz