Домой Lifestyle Бақытты қарым-қатынастың басты белгісі анық болды

Бақытты қарым-қатынастың басты белгісі анық болды

0
851

Ғалымдардың анықтауынша, жұптар «біз» деген есімдік сөзін жиі қолданса, олардың қарым-қатынасты сау деп айтуға болады. Бұндай жұптарда адамдар бір-бірінің ойлары мен сезімдеріне, іс-әрекеттеріне әсер етеді, олар көбінесе жеке эгоизмге қарағанда жақынының махаббатына бөленген. Зерттеудің нәтижесі EurekAlert басылымында жарияланған.

Ол зерттеуге 5300 адамға жуық қатысқан. Мамандардың байқауынша, «біз» сөзін қолданған жұптар басқаларға қарағанда бақыттырақ болған.

«Бұл ортақ жақсылық пен түсініспеушіліктің белгісі», – деп атап өтті зеттеудің авторларының бірі Александр Каран.

Бір-біріне тәуелді болу дұрыс қарым-қатынастың көрсеткіші болып саналатынын айтқан зерттеуші жұптардың бір-бірін қолдау кезінде тәуелділік әсер ететінін мәлімдеді. 1950 жылдары шыққан қарым-қатынас теориясына сәйкес мұндай жұптар бір-бірін жақсы түсінеді және сезінеді екен.

Зерттеуге қатысқан некеде тұрған жұптарға өздерінің отбасын бес критерияға сай бағалауды ұсынды: қарым-қатынас нәтижелері, оның сипаты, жанының саулығы, дене бітімінің саулығы, өз-өзін ойлау. Зерттеудің нәтижесі бойынша жеке басын ғана емес, жұптарының қарым-қатынасын «біз» деген адамдар өздеріне жоғары баға берген. Бұл жастарына және жыныстарына қатысты болмаған.

Ғалымдардың айтуынша, «біз» деген сөзді арнайы қолданғандар қиын жағдайларда отбасының қарым-қатынасын жақсарта алады.

Источник: Stan.kz