Түркістан облысында болған жол апаты салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты

0

Түркістан облысында Қызылорда қаласына қарай бет алған «Вольво» жүк көлігі көпірдің қоршауына соқтығысып, нәтижесінде көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 шілде күні болған. Алған жарақаттарының нәтижесінде көлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

“Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. 13.07.2021 ж. кешкі уақытта Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда қаласына қарай бет алып бара жатып, көпірдің қоршауына соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты нәтижесінде автокөлік өртеніп кетті. Сондай-ақ алған жарақаттарынан жүк көлігінің жолаушысы, Қырғызстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Апат орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жетті. Жүк көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Сайрам АПБ-ға жеткізілді.

Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.