Жазира Байырбекова қызының тұсауын кестірді

0

Жазира Байырбекова Дара қызының тұсауын кестірді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Тәй-тәй, балапаным қаз-қаз» деп қаншама баланың тұсауын кескен Жазира Байырбекова ата дәстүрді өз қызына арнап ұйымдастырды.

Ол кішкентайының тұсауын өзінің сіңлісі, журналист Назира Байырбекке кестірді.

«Табиғат аясында, Даратайымыздың тұсауын нағашы әпкесі Назира Байырбек кесті. Алыс жақындағы туыстарды қазіргі уақытта әуреге салмайық деп оңашада кестік.

Алла қаласа тілашары бар, ұзататын уақыт келеді.Ең бастысы отбасымыз, халқымыз аман болсын!

Кіндік шешесі @symbataruzhan да, тұсауын кескен @nazira_bairbek те кішіпейіл, адал, мейірімді, жандары мөп-мөлдір тап-таза, парасаты мен ішкі мәдениеті жоғары жандар!

Байлыққа, атақ-даңққа, мансапқа емес, жан дүниесінің тазалығына қарап таңдағанымыз жанымызға тыныштық сыйлайды😍

Біздің отбасымызға жаудырып жатқан тілек ниеттеріңіз өздеріңіздің отбасыңызда да болсын!

Барлық аналардың бақытты ғұмырын Даратайыма нәсіп етсінші», — деп қуанышымен бөлісті Жазира Instagram-дағы парақшасында.

Ал Назира Байырбек өзіне сенім артқан әпке-жездесіне алғысын жеткізді.

«Жездем екеуіңіз кішкентай балапандарыңыздың тұсауын маған кестіруге ниет еткендеріңіз мен үшін үлкен мәртебе. Сенімдеріңіз, ықылас-пейілдеріңіз үшін көп рахмет! Алла перзенттеріңізді адал, абыройлы, бақытты етіп, оларға ұзақ өмір нәсіп етсін», — деді ол.