Түркістан облысында әлдебіреулер танымал ғибадат үңгірін тонап, өрттеп кеткен — Қазақстан жаңалықтары
Түркістан облысында полицейлер Ақмешіт үңгіріндегі тонау фактісі бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Бәйдібек ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан 5 наурыз күні үңгірге барған кезінде өртенген үстелдер мен басқа да заттарды байқаған туралы хабар түскен.
Бұған қоса ер азамат үңгірде әлдекімдердің қазан, самаурын және басқа да тұрмыстық заттарды ұрлап кеткендігін байқапты. Жалпы ұрланған заттардың шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша сот алды тергеу амалдары басталып кетіпті. Полицейлер жағдайдың анық-қанығын тексеріп, күдіктілер іздестірілуде.
Таңғажайып үңгір Түркістан облысында орналасқан. Ол Орталық Азиядағы ең ірі ғибадат үңгірі болып саналады. Ақмешіт Шымкенттен 80 км қашықтықта орналасқан. Жыл сайын бұл жерге 70 мыңнан астам турист келетін көрінеді.
stan.kz