Қазақстанда коронавирусқа қатысты ЖОО қашықтықтан оқытуға көшуі мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары коронавирусқа байланысты қашықтықтан оқытуға көшуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

Бұл туралы ҚР-дың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

«Осы ретте Білім және ғылым министрлігі құжаттар пакетін дайындағанын атап өту керек. Оның арасында қашықтан оқыту туралы да ұсыныс бар. Кей оқу орындарында мұндай режім бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе реферат дайындау, емтихан тапсыру кезінде ондай болады. Сақтық шараларының бір тармағы ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған», — деді Жандарбек Бекшин.

Бұған қоса ол тек ЖОО-ны ғана емес, колледждер мен кейбір мектептерді қашықтықтан оқытуға көшіруге болатынын атап өтті  

«Егер техникалық жабдықталу деңгейі мүмкіндік берсе, біз әлбетте қарсы емеспіз. Бұл — қалыпты құбылыс. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманға сай ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек», — деді ол.

Қазақстанға коронавирус келесі аптада жетуі мүмкін

 

stan.kz