Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 16:42 175

Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр. «Түркістан», «Оқсыз», «Ордабасы – бірліктің туы»  анимациялық фильмдері мен 10 сериялы «Төле би» телесериалы түсірілді. Ағымдағы жылдың 19 қарашасында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық халықаралық конференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы алғаш рет деректі фильм түсірілді. Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түсірілген «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая республика көрермендеріне ұсынылды. «Киелі Қазығұрт»,  «Отырарды қорғау» атты тарихи-анимациялық фильмдер республикалық және жергілікті телеарналардан көрсетілген.
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр  

Одан бөлек, Түркістан облысы мен Қазақстанның киелі жерлері картасына енген нысандар туралы ағылшын, қытай,  қазақ және орыс тілдерінде арнайы роликтер және «Ontustik TourAudio» мобильді қосымшасы әзірленген. Туристер жиі баратын  35 туристік нысанда және 100 монументтік өнер ескерткіштеріне  QR-кодтар орнатылған.

Сонымен қатар, виртуалды 3 бейнеролик әзірленіп, VR-құрал жабдығы арқылы 360 градуста киелі орынды тамшалауға мүмкіндік жасалған. Облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге 21 бағытта туристік маршруттар ашылған. Бұл – туризмді дамытуға серпін беретін жұмыстар болып отыр.
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 

Бұдан бөлек, өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде нақты жұмыстар атқарылған. Соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы бойынша Түркістан облысынан 24 нысан республикалық, 60 тарихи-мәдени ескерткіш облыстық тізімге енгізілген.
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 

Сондай-ақ, өңірде киелі орындарды ретке келтіру мен дамыту үшін ағымдағы жылы облыс бюджетінен 686 млн теңге қаржы бөлінді. Демеушілер тарапынан құны 208,4 млн  теңгенің жұмыстары атқарылған. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру,  Укаша  Ата кесенесіне баратын автокөлік жолы, автотұрақ және орындықтар орнату, Аппақ Ишан мешітінің шатырына  күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар, Отырар қалашығының қақпасын қайта құру, іргелес аумағын абаттандыру, көгалдандыру жобасына облыстық бюджеттен 28,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған.

Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 

Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 
Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр

Түркістан облысы тарихи фильм түсіруден көш бастап тұр 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз