Түркіменстан президенті жаңа әскери ұшақты «сынақтан өткізді»

0

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов жаңа әскери ұшақты сынақтан өткізді, деп хабарлады мемлекеттік ақпарат агенттігі. Арнайы дайындалған репортаж түркімен телеарналарында көрсетілді.

Бердымұхамедов жаңа 29-А Super Tucan әскери ұшағының штурвалын басқарды.

Түркімен телеарналарында көрсетілген репортажға қарағанда, президент жазық далада, шекараға жақын маңдағы тауда, сонымен бірге Каспий теңізінің үстінен ұшып өтті. Түркімен басшысы әскери ұшақтың жағдайына көңілі толатынын ишаратпен білдірген.

Бердымұхамедов ұшақты басқарғанда киген киімін Ашғабадта салынып жатқан әскери мектеп мұражайына тапсырған.

Шетел басылымдарының мәліметінше, А-29А Super Tucano жеңіл әскери ұшағын Бразилияның «Эмбраер» фирмасы құрастырған. Ұшақ әуе кеңістігін қорғауға, барлау жүргізуге, құрлық әскеріне әуеден қолдау көрсетуге, сонымен бірге әскери ұшқыштарды үйретуге арналған.