Home Жаңалықтар Қарағандыда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды

Қарағандыда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды

0
49

Қарағандыда Мақажанов атындағы емхананың дәрігерлері бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланың жағдайы туралы айтты.

Балаға жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпесінің көгеруі деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, екі аяқтың төменгі бөлігі бірнеше жерден шытынаған, иек аймағының көгерген жарасы және ішінің өткір жарақаты бар», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Баланың жан сақтау бһлімінде жатқандығы, оның жағдайы тұрақты екені атап өтілді.

Белгілі болғандай, 1 тамызда 23.40 -та Қарағандыда ересектердің қарауынсыз қалған, 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда подъезге құлап кеткен.