Түркиядағы жер сілкінісінен Мұстафа Өзтүріктің туыстары қаза тапты

0

Түркиядағы болған жер сілкінісінен белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері Мұстафа Өзтүріктің туыстары қаза тапты.

Өкінішке қарай, Хатай провинциясының Дефне аймағында екі қазақстандық үйінді астында қалды. Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Олардың есімдері Нұрай мен Бушра Қазақ. Анасы мен қызын туыстары Стамбулдан алып шыққан.

Нұрай Қазақ 57 жаста еді. Ол Мұстафа Өзтүріктің інісі Рустам Өзтүріктің қызы. Ол ұзақ уақыт Иорданияда тұрды. Кейін Хатай провинциясына көшті. Бушраның қызы 31 жаста еді. Марқұмдардың денесі Стамбулда жерленеді.