Тоқтаусыз ұлыған ит жер сілкінісі туралы ескертуге тырысқан (видео)

0

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі алдында тоқтаусыз ұлып жатқан ит видеоға түсіп қалған. Ғалымдардың айтуынша, жануарлар табиғи апат басталар алдында 1-2 сағат бұрын ескертеді.

Сонымен, желіде үй итінің көшеде тоқтаусыз ұлыған видеосы тарап кетті. Иттің сиренаға ұқсас дыбысы халықты толқытты.

Бұл Түркия мен Сирияда жер сілкінісі басталардан 2 сағат бұрын болғаны хабарланды.

ВВС хабарлауынша, жануарлар жер сілкінісінің жақындағанын жер асты суларының химиялық құрамының өзгеруі арқылы сезіне алады. Бұл, ғалымдардың пікірінше, жер сілкінісіне байланысты үй жануарларының оғаш мінез-құлық көрсетуі мүмкін.

Олар жер сілкінісінің басталуына 1-2 сағат қалғанда ескертеді. Осы уақыт ішінде адамдар барлық қажетті заттарды жинап, қаладан тез кете алады.