Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1014 адамға жетті

0

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1014-ке жеткенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 1014 адам», — дейді Сезер. Бұған дейін 912 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ Түркия билігі қазіргі уақытта Жерорта теңізінің шығысындағы жағалауға әсер етуі мүмкін цунами қаупі жоқ екенін мәлімдеген. «RT на русском» басылымының Telegram арнасының хабарлауынша, Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісі салдарынан асфальттың бәрі жарылып, ғимараттар қираған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше минут ішінде 500-ге жуық ғимарат опырылған. Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар, оны психикасы тұрақсыз адамдар, жүкті әйелдер және 18 жасқа толмағандар көрмеген жөн.