Түркі мемлекеттері ұйымындағы кездесу
Түркия. Ыстанбұлдағы штаб пәтерінде Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Елші Қуанышбек Омуралиев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі, Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, дипломатия ардагері Ержан Уәйісті қабылдады.
1992 жылдан бастап Түркі тілдес мемлекеттердің саммиті тұрақты өткізіліп келеді. Түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым (ТМҰ) яғни, Түркі кеңесі 2009 жылы Нахишаван қаласында құрылды. ТМҰ-ға мүше: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия және бақылаушы елдер Мажарстан мен Түркіменстан елдерінде тұрақты түрде кәсіби министрлер және сарапшылық кездесулер өткізіліеді.
Алматы, Бішкек, Габала, Бодурм, Астана, Шолпан ата, Ыстанбұл, Самарқанд қалаларында ТМЫК саммиттері жоғары деңгейде өтті. 2021 жылғы саммитте Түркістан қаласын Түркі әлемінің «рухани астанасы» деп жарияланған құжат қабылданды.
Сондай-ақ, халықаралық ұйым – сауда, экономика, әріптестік және инвстиция, кәсіпкерлік пен туризімді дамыту, мәдениет пен спорт, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, диоспара мәселелері т.б қамтитын 20 дан аса жұмыс тобы бар.
Биыл ТМҰ мерекелік 10-саммиті Астанада өтті. Сондай-ақ, ТМҰ аясында Түркі халықтары мәдениетін рухани жаңғыру үшін 1993 жылы «ТҮРІКСОЙ» халықарылық ұйымы құрылды. Түркі халықтарының мәдени һам тарихи мұрасын дамытуға арналған жобаларды жүзеге асыратын «Түркі мәдениеті мен мұрасы» қоры жұмысын жалғастыруда.
Алдағы жылдың да атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді. Түркі тілдес мемлекеттердің, бауырлас халықтардың мүддесі үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз – деді, Қ. Омуралиев.
Өз кезегінде 1992 жылы Ыстанбұлда бірінші Қазақ консулы қызметін атқарған, Қазақтанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс арнайы қабылдаған үшін Бас хатшы Қ. Омуралиевке алғысын білдірді. Түркияда тұратын Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен ұлттары, диаспара өкілдерімен тығыз достық байланыста екенін, Мәдениет орталығымызда Түркия мемлекетінің 100 жылдығына, ТҮРКСОЙ –дың 30 жылдығы, Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының 31 жылдығына арналған шаралар: Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Қазақ профессоры Абдуақап Қараның «Мұстафа Шоқай» кітаптарының тұсаукесері, журанлист, дипломат Ержан Уәйіске Президент Тұрғыт Озал сыйлаған фото аппаратымен түсірген 100 фото сурет көрмесінің ашылғанын тілге тиек етті.Түркі тілдес халықтардың диаспора өкілдері қатынасты.
Бас хатшы Қуанышбек Омуралиевке Түрік дүниесінің портретін сыйлап, иығына Қазақ жапанын кигізді Е. Уәйіс.
Кездесуге ТМҰ Бас хатшының орынбасары Мерей Мұқажан қатысты.
Ержан УӘЙІС
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері