Түрікменстан президенті тағы да ән шырқады, бұл жолы неміс тілінде (видео)

0
165

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов немересі Керимгулымен «Арман» («Arzuw») әнін 21 желтоқсанда «Мизан» орталығында Жаңа жылдық концертте орындады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Әннің сөзін Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі, ал музыкасын немересі Керимгулы жазған.

«Ән ерекше стильде, көркем әрлеумен үш тілде – түрікменше, ағылшынша және немісше орындалды. Әннің әдемі әуезі көрермендердің жанына терең бойлап, ерекше күйге түсірді. Бұған куә – халықтың ұзақ қошемет көрсетуі», – деп хабарлайды «Түрікменстан Алтын ғасыр» ресми басылымы.

Биыл жазда Бердімұхамедовтің орындауындағы «Қарақұм» әні де Түрікменстанда біраз уақытқа дейін «хит» болған.

2015 жылы президенттің «Алға, алға және алға, мекенім, Түрікменстан» деген әнін төрт мың адам орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енген.