Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңажылдық корпоративтен неге бас тартты?

0
90

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дәстүрлі жаңажылдық корпоративті қымбат мейрамханада өткізуден бас тартып, оның орнына ұжым “Медеу” мұзайдынындағы белсенді демалысты таңдады. Тұрғын үй жинағы жүйесінің мемлекеттік операторы осылайша қоғамды қаражатты орынсыз рәсуаламай, әлеуметтік маңызды мақсаттарға жұмсауға үндеп отыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұжымы Медеуде
Фото: ТҮҚЖБ баспасөз қызметі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мейрамына қызметкерлер ғана емес, осы күні Медеуге коньки тебуге келген Алматы тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Жиналған меймандар үшін мұзайдында Medeo band тобы өнер көрсетті, бұл күні қызық байқаулар да ұйымдастырылды. Шара “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Аяз Атасы” атты әсерлі флешмобқа ұласты.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұжымы Медеуде
Фото: ТҮҚЖБ баспасөз қызметі

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мұндай корпоратив банктің идеологиясына толық сай келеді.

Өмірімізді жақсартамыз, өзіміздің, балаларымыздың тұрақты болашағын қамтамасыз етіп, кең әрі әдемі үйлер мен пәтерлердің иесі атанамыз десек, құндылықтар жүйесін өзгерту керек деп әрдайым айтып отырамыз. Қоғамда қазір белең алып тұрған бірмезеттік тұтынушылық идеологияға қарсылық ретінде ұзақмерзімді жинақ мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажет. Сондықтан осыған өзіміз үлгі болып, мерекені артық шығынсыз-ақ атап өтіп, көңіл көтеруге болатынын дәлелдейік деп шешім қабылдадық, – дейді ол.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұжымы Медеуде
Фото: ТҮҚЖБ баспасөз қызметі

Ләззат Ибрагимова ұжым “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – қасаң мемлекеттік құрылым” деген ойды өзгерткіcі келетінін айтты.

2018 жыл бойы біз клиенттермен және жалпы қоғаммен диалог жүргізудің жаңа әрі ерекше формасын құру жөнінде жұмыс жүргіздік, – дейді басқарма төрайымы.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұжымы Медеуде
Фото: ТҮҚЖБ баспасөз қызметі

Көктемде банктің жыл сайын өтетін “Жасыл мекен” акциясы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарды ауласы көгалдандыруды қажет ететін тұрғын үй кешендеріне дауыс беруге үндеген еді. Соның нәтижесінде банк есебінен 1000-нан астам көшет отырғызылды. Дауыс беруге 25 мыңнан астам адам қатысты. Тамыз айында банк батыл қадам жасап, клиенттерге арналған SMS-хабарламаларды жаңа, әзіл форматында таратты. Жыл басынан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлерді оқытудың ойын түріндегі әдістерін сәтті қолданып келеді. Бұл еңбектің нәтижесі ретінде банк “Қазақстан” номинациясында “Орталық Азияның HR-бренді” атты беделді жүлдеге қол жеткізді. Сонымен бірге жақында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кеңесшілер желісінің қатарына белсенді және талапты адамдар тартуды мақсат еткен “Орындалатын миссия!” республикалық онлайн-ойыны аяқталды. Аталған жоба да үлкен резонанс туғызды, оған бүкіл ел бойынша 2000-нан астам адам қатысты, ал әлеуметтік желілердегі ойын бойынша көрсетілім саны миллионнан асты.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұжымы Медеуде
Фото: ТҮҚЖБ баспасөз қызметі

Мереке соңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылары ел тұрғындарын келе жатқан 2019 жылмен құттықтап, әр адамға жаңа жылда пәтер мәселесін шешіп, қоныстой тойлауды тіледі.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz