«Тұрар Шабарбаева Тоқаевтың Президент болатынын 50 жыл бұрын сезген» – Президенттің экс-кеңесшісі

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқаратынын 50 жыл бұрын анасын Тұрар Шабарбаева сезген екен. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұрынғы баспасөз хатшысы, кеңесшісі Мақат Садық айтып берді.
–Біз білмесек те, бұл туралы жарты ғасыр бұрын оның анасы сезді. Президентіміздің «Әке туралы сөз» кітабынан үзінді келтірейін: «Алматыға СОКП ОК Бас хатшысы Леонид Брежнев келді. Жаздың жаймашуақ күні мен, әкем және шешем үшеуміз Ленин даңғылында тұрдық. Даңғыл бойын милиция қоршаған — үкіметтік автомашиналар кортежі тау жаққа өтуі тиіс еді. Ақыры МАИ-дың жол бастаушы автомобилі көрінді, іле-шала кеңес жетекшісі отырған «Чайка» үлкен жылдамдықпен ағызып өтті. Қала халқы үшін бұл үлкен оқиға — қас қағым сәтке болса да баршаға құдайдай елестейтін Л.Брежневтің жүзін көріп қалды ғой. Машиналар көзден таса болған соң анам әкеме «Мен осындай бақыт біздің Жомартты да айналып өтпесін деп тілек тіледім» деді. Әкем шешеме разылықпен қарап, сонан соң ойлы жанарын маған аударып, «Алла жар болсын» деп батасын берді». Бұл әңгімеден әке батасы көкке жетіп, ана тілегі орындалған байқауға болады», — дейді Мақат Садық.
2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы, кейіннен Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқарған Мақат Садық бұл сұхбатына қазіргі Президенттің журналистерге мейлінше ашық және БАҚ-пен жұмысқа аса мән беретінін айтқан.