Тұңғышбай Жаманқұлов: «Арызды мен жаздым…»

0

Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғаны туралы айтты, деп жазады kznews.kz сайты.

«Біздің арамыздағы қайшылықты білесіздер. Ол (Арыстанбек Мұхамедиұлы) студент қыздарды жақтағаным үшін мені қаралады. Ол менің атымды қорлап, батпаққа батырды. Ол жұрт бұл бассыздықты тоқтатуды сұраған кезде де тоқтаған жоқ. Иә, арызды мен жаздым. Мұны жасырмаймын! Ол өз айналасына жинаған өз адамдарын да сатып кетеді. Оған шын берілген адамдар маған тиісті құжаттарды әкеп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттар менде. Сол құжаттарды жинап, арыз жаздым», — депті Тұңғышбай Жаманқұлов.