Тұңғыш Президент Кеңсесінің жетекшілері тағайындалды

Тағайындаулар туралы ақпарат Ақорда сайтында жарияланды.
ҚР Тұңғыш Президенті бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:
Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!