Әсет Исекешев Елбасы Қорының атқарушы директоры болды

0

Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің жетекшісі болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

24 наурыз күні Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Ол 2018 жылдың 10 наурызында Президент әкімшілігінің бастығы болып бекітілген.

Оның алдында қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz