Түнгі клубта 6 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алды

0
Түнгі клубта 6 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алды


Анкона қаласындағы түнгі клубта орын алған дүрбелеңнен 6 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алды.

Италияның шығыс жағалауында орналасқан Анкона қаласындағы түнгі клубта болған концертте кем дегенде алты адам қаза тапқан. Алдын-ала деректер бойынша, дүрбелең газ баллонынан шыққан газ болуы мүмкін.

«Лық толы түнгі клубта жалпы байбалам мен қыспақ кезінде 6 адам қайтыс болып, 120 адам жарақат алды. Оқиға  Коринальдодағы Lanterna azzurra түнгі клубында болды», — дейді Corriere della Sera басылымы.

Reppublica басылымының жазуынша, қайтыс болғандардың бесеуі жасөспірім — екі бозбала және үш қыз, ал алтыншысы концертке қызымен келген әйел.