Алматы облысында иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен күдікті ұсталды

0

Талдықорған, BAQ.KZ. Полицейлер Алматы облысы аумағында орналасқан ірі көлік базарының бірінде көлік сатушыны өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті «Тойота» маркалы көлігін сатуға келген 26 жасар азаматты «ақшаны үйде беремін» деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Көлік базарынан шыққаннан кейін, елсіз жерде көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей жарға көміп кеткен.

«Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен бұған дейін сотты болған 36 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде»,- дейді облыстық полиция өкілдері.

Айта кетейік, қолды болған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ