«Түлектер кешін тойламаймыз»: Маңғыстауда түлектер бітіру кешіне жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады – Қазақстан жаңалықтары

0

Маңғыстайда 3 мектептің түлектері бітіру кешінен бастартып, Рамазан айында жиналған ақшаны сауапты іске жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат сайтына сілтеп.

мектеп бітіруші түлектер

 Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы №6 мектептің оқушылары ауылдағы жалғызбасты, көпбалалы ананың жағдайымен танысып, оған үйіне қажетті төсек жабдықтары, үлкен кілем, ас ішетін стол, ыдыс-аяқ, азық-түлік алып берді.

«Түлектер кешін тойламаймыз деп бірауыздан шештік. Яғни, жиналған қаражатты мұқтаж отбасылардың қажетіне жұмсайық дедік. Ата-аналарымыз да қолдады», – дейді 11-сынып оқушысы Динара Қыдырбаева.

Көзіне жас алған ана қуанышын жасыра алмады. Өз кезегінде ол да балаларға алғыс айтуды ұмытпады.

«Айналайындар, көп раxмет. Жақсылықтарың Алладан қайтсын», – деп ризашылығын білдірді Айман Отарбаева.

Түлектер әрі қарай мектебінде жиналып, аз қамтылған тағы 3 отбасыны қуантты. Біреуінің баласына спорт киімдерін, біріне сауықтыру шипажайына жолдама, тағы бір отбасының баласына лагерьге жолдама алып берді. Ал, қаладағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің түлектері жиналған қаражатты балалар үйіне аудармақ. Осылайша, қамкөңіл бүлдіршіндерді қуантып, қасиетті айда игі бастаманы жалғастырмақ.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз