Туған күндегі тығылмақ ойыны: Назарбаев оппозиция серкесіне айнала ма?
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туған күнін Түркияның Кемер және Бодрум аймағында өткізуі мүмкін, әйтеуір Назарбаевқа берілген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының ұшағы «Миляс-Бодрум» әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды «Нурсултанский соловей» Telegram-канал.
Бұрынғы президент биыл 82 жасқа толады. Еліміздің «басты зейнеткері» ұзақ жылдар бойы демалысын осында өткізіп келеді екен. Бодрумда Назарбаевтың жеке резиденциясы бар. Аталған ақпарат көзіне сенсек, туған күнге Назарбаевтың үш қызы, олигархтар – Болат Өтемұратов, Владимир Ким, Александр Машкевич және Патох Шодиев келуі тиіс. Бұдан өзге, Ахметжан Есімов, Нұрлан Нығматуллин, Иманғали Тасмағамбетов және Нұртай Әбіқаев секілді бұрынғы адуынды шенеуніктер осы кештің құрметті қонағы болатын көрінеді.
Фото: fotobank.ru
«Бұл адамдардың бәрі мәнсапқа Назарбаевтың арқасында қол жеткізді, артықшылықтарға ие болды. Және қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қарсыластары. Сондықтан тұңғыш президенттің кешінде елдегі қоғамдық саяси ахуалды жабық есік жағдайында талқылауы кәдік», – деп тұспалдайды телеграм-канал.
-
Тақырыпқа орай: Елорда әкімдігі: Ертең отшашу атылмайды