Түбіртек берілмегенін хабарлап, 1 000 теңге сыйақы алыңыз

0

Қаржы министрлігі түбіртек берілмегендігі туралы хабарлағандарға сыйақы төлеу туралы ережелердің жобасын жариялады, деп хабарлайды ORDA.

Құжатқа сәйкес, осындай фактіні хабарлаған адам бұзушылықты дәлелдегеннен әрбір адамға 1000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Хабар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша немесе кез келген нысандағы қосымша арқылы жіберілуі тиіс.

Онда келесі мәліметтер болуы керек:

  • бұзушылықты растайтын бейнежазба;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жеке кәсіпорынды анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат: оның ішінде мекенжайы, салық салуға байланысты объектінің атауы (бар болса), бутиктің нөмірі және сауда үйіндегі орналасқан қабаты мен  реттік саны (бар болса);
  • өтініш берушінің аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі.

Осы талаптарға сай келмейтін хабарламалар қарастырылмайтындығы ескертіледі. Құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес, (кассалық аппараттың  тәртібін бұзу) жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады. Осы бап бойынша алғаш ескерту жасалады, ал егер факт қайталанса – айыппұл салынады.

Құжатта жобаға 2021 жылға мемлекеттік бюджеттен 26 645 000 (63 мың доллардан астам) теңге қажет болады делінген.