Блогердің ұлы телефоннан тоқ соғып өлді

0

Арт-блогер Анастасия Сосновская ұлының зарядталып жатқан телефоннан тоқ соғуы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға 10 қаңтарда болды. Бала 12 жаста болған. Анасының айтуынша, олар 40 минут бойы балаға жан бітіруге тырысқан, бірақ ештеңе көмектеспеген.

«Біз не болғанын түсінбедік. Бүгін, шамамен екі аптадан кейін сот-медициналық сарапшы себебін айтты. Жуынатын бөлмеде зарядталып жатқан телефоннан тоқ соққан екен. Батареясы тез отырып қалатын кішкентай iPhone 4c бір секундқа ішіне құлап түскен. Ұлым оны еденге лақтырып үлгерген, бірақ кеш болған», – деп жазды Сосновская Instagram-да

Арт-блогер ата-аналарды балаларға телефонды ваннаға кіргізуге рұқсат бермеуге шақырды.

«Бүгін маған ваннада телефон ұстап жатып қайтыс болған адамдардың фотосуреттерін көрсетті. Мұндай жағдай көп екен. Өйткені біз қауіп-қатерді жете бағаламаймыз. Ондайдан адам өлмейді деп ойлаушы едім. Егер білгенімде ғой…» — деп толықтырды Сосновская.