Трамптың Иракқа тұңғыш сапары
АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа бірінші рет сапармен барды. Президент ұшағы желтоқсанның 26-сы күні кешкісін Бағдадтың батысындағы әуе базасына қонды. Америкалық БАҚ-тың жазуынша, Ақ үй бұл сапар жайлы алдын-ала хабарламаған. Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс президент Трамп пен оның зайыбы Мелания сарбаздарға қызметі үшін алғыс айтып, Рождествомен құттықтағысы келгенін хабарлады. Әскерилер алдында сөйлеген Дональд Трамп Ирактағы америкалық әскер санын азайту ойында жоқ екенін айтты. Ирак аумағында АҚШ-тың бірнеше әскери базасы мен бес мыңнан астам сарбазы бар.
Дереккөз: Азаттық