«Мен анама не сыйлаймын?»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Мен анама не сыйлаймын?»

Автор: Баймагамбетова Самал Елеусизовна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

балабақша тәрбиешілеріне арналған




«Мен анама не сыйлаймын?» Тапсырмалар:

  • Өзбетінше әсер алып, өз ойымен жұмысты ойлап шығару ұсталығын өндіру.
  • Қиялын, түстерін, пішіндерін және композицияларын сезінуді дамыту.
  • Көркемдік шығармашылықта дербестікті, сенімділікті, талапшылдықты тәрбиелеу.

Ортаны ұйымдастыру:Топ бұрышында аналар суреттері жасырынған. Үстел үстінде хат жатыр. Үстелдер екі екіден қосылған, бөлек үстелдің үстінде: бояулар (акварель), балауыз борлар, суы бар шыны, палитралар, қылқаламдар, ақ және түрлі форматтағы реңделген қағаз. Релаксацияға арналған кілем.Мазмұны:(Топқа кірер алдында)

  • Балалар, біздер портреттер, яғни, «Аналар күні» мерекесіне арналған біздің аналарымыздың портреттер галереясына барамыз (Топқа кіру, балалардың таң қалуы, портреттер жоқ).
  • Балалар біздің галереямыз бос (Тәрбиеші үстелге жақындайды да хат табады).
  • Қараңдаршы, мен үстел үстінен хат таптым, онда былай деп жазылыпты:

«Таңшолпан» тобының балаларына Әсемнен.(Хатты оқу, содан кейін балалар портреттерді іздеуге барады, іздеуден кейін бір-бірінің қастарына тұрып, порттреттерін ұстап тұрады).

  • Міне, біздің портреттер галереясы, аналарымыз портреттерден бізге қарап тұрады және тыңдайды, олар туралы не айтасыңдар (Балалар жауабы).
  • Аналарымыз туралы қандай жақсы және нәзік сөздер айтылды. Аналарымызға не сыйлауға болады?

Бала: «Мен сүйікті анамаСый сыйлаймын тағы даҒажайып гүл секілдіТігіп берем орамал.»Бала: Қанша жұлдыз аспандаСан жетпейді санасаң.Бұл жұлдыздар шоғырыСыйлаймын мен анама.Бала: Түрлі — түсті сыйды менАнама сыйлаймын.Әдемі қарындаштармен Суретті саламын.Бала: Анама сый етіп,Сөреге гүл саламын.Төбені де бояр емБірақ бойым кішкене.Бала: Жидеден жасалған моншақтыАнама мен сыйлаймын.Оны ешкімге сатпаймынШеберлігі тамған саусақтан.(Жарық сөнеді және П.И.Чайковскийдің «Түстер вальсі» әуенінің сүйемелдеуімен сиқырлы Пері келеді, қолында жеті түсті гүл бар).

  • Балалар, бізге қонаққа кішкентай сиқырлы пері ұшып келді де, не алып келді? (Жеті түсті гүл).
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай гүл? (Балалардың жауабы: сиқырлы, ертегілі, ерекше, тамаша, алуан түсті).
  • Пері: «Балалар, жақынырақ келіп, әрқайсысың өздеріңе сиқырлы гүл желегін жұлып алыңдар, көздеріңді жұмып, сиқырлы әуенмен аналарыңа сыйлап жатқандарыңды елестетіңдер. Ал сиқырлы гүл желегі сендерге көмектеседі». (Релаксация: балалар кілемге жатады, көздерін жұмады, жарық өшіріледі, П.И.Чайковскийдің «Бал-шекерлер сарайы» әуені орындалады және балалар аналарына арналған сыйларын ойша суреттейді).

Жарық жанып, балалар үстелге жақындап, жұмыстарына кажетті көркемдік құрал-жабдықтарды алып, сурет салуға кіріседі (Сурет салуды ұйымдастыру үдерісі үстел басында немесе балалар таңдауымен жерде өтеді). Сабақ соңында балалар өз жұмыстарын қойып, аналарына не сыйға тартатынын әңгімелейді.

  • Балалар, аналарымызға тағы не сыйлауға болады, егер өзімізбен бояу болмай, сурет сала алмасақ немесе өз қолымызбен бір нәрсе жасай алмасақ? (Балалар жауабы: қуанышты күлкі, нәзік сөздер, жақсы көңіл-күй, күтім, жақсы ән, жұмсақ сүю).

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.