Трамп құпия қызмет басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен кетірді

0

АҚШ президенті Дональд Трамп құпия қызметі басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен кетірді. Президент мұндай шешімді ішкі қауіпсіздік министрі Кирстьен Нильсеннің отставкасынан соң бір күннен кейін қабылдаған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерстің айтуынша, Аллестің орнына мамырда құпия қызметтің қызметтік агенті Джеймс Мюррей келеді.

Ал кеден және шекара мәселелері ведомствосының басшысы Кевин МакАлинан, Трамптың мәлімдеуінше, отставка кеткен Нильсеннің орнына ішкі қауіпсіздік министрінің міндетін уақытша атқарады.

Azattyq