Трамп «көрдіңдер ме, Қазақстанның дұшпаны жоқ» деді – мемлекет басшысы

0
Саясат

Қысқа сілтеме алу

125 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті ақылдасып отырғысы келетінін мәлімдеді

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында АҚШ басшысы Дональд Трамптың өзінің кеңестеріне қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады тілшісі.

«Біз телефон арқылы тікелей хабарласуға келістік, қазір байланыс орнатылып жатыр. Ол осы аймақ мәселелерінен хабардар болып, менімен ақылдасып отырмақшы. Осы күнге дейін айтқандарымның барлығын түсінді», — деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында. 

Қазақстан басшысы АҚШ-қа қаңтар айындағы сапары барысында Трамппен Ресей, Украина, Сирия, Қытай және КХДР туралы сөйлескенін айтып өтті.  

«Ол осы жерде тұратын адам ретінде менің пікірімді білгісі келді. Мен өз пікірімді ашық айттым. Ол жеткізбек болған ойымды түсініп, айналасындағыларға «Көрдіңдер ме, Қазақстанның айналасында дұшпаны жоқ, барлық мемлекетпен дос деді», — деп қосты Назарбаев.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз