Трамп әрбір американдыққа 600 доллар төлейтін ұлттық бюджетке қол қойды

0

Ақ үйдің басшысы Дональд Трамп АҚШ-ның 2021 жылға арналған бюджетіне қол қойып, осылайша тоқтап қалудың алдын алды, деп хабарлайды CNN. Осыдан біраз уақыт бұрын президент өзінің твиттерінде пандемия кезінде ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған заң туралы «жақсы жаңалықтар» келіп жатыр деп жазды.

Бұған дейін Трамп елдің ересек тұрғындарының әрқайсысына 2 мың доллардан «дағдарысқа қарсы» төлем ретінде жіберуді ұсынған. Конгрессте республикашылдар мен демократтар арасында осы мәселе бойынша шайқастар өрбіді, нәтижесінде конгрессмендер 600 доллар субсидияға тоқталды – АҚШ президенті соған қарамастан бюджет жобасына өз қолын қойды.

Жалпы алғанда, жаңа бюджет 2,3 трлн. долларды құрайды, оның 1,4 трлн. доллары үкіметті қаржыландыруға, ал 900 трлн. доллары коронавируспен зардап шеккен экономикаға кетеді.

Керімсал Жұбатқанов