Трамп «Әл-Каида» командирлерінің бірінің өлгенін хабарлады

0

АҚШ президенті Дональд Трамп «Әл-Каида» командирлерінің бірі Жамал әл-Бадавидің өлгенін хабарлады. АҚШ соты әл-Бадавиді 2000-ші жылдары америкалық кемеге шабуыл жасады деп айыптап, терроризм бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Бұл оқиға бойынша одан басқа террористік топтың тағы бес мүшесі кінәлі деп танылған еді. 18 жыл бұрын болған шабуыл кезінде 17 АҚШ теңізшісі қаза тауып, ондаған азамат жараланған.

Бірнеше күн бұрын АҚШ әскерилері Йеменнің Мариб провинциясында сейсенбі күні жасалған АҚШ әскерилерінің әуе соққысы әл-Бадавиге қарсы бағытталғанын мәлімдеген. «Америка дауысы» АҚШ-тың қарулы күштер басқармасының өкілі Билл Урбан соққы нәтижесін әлі зерттеп жатқанын айтқанмен Трамп әл-Бадавидің өлгенін растады деп жазды.

2000-жылдары қазан айында Йемендегі Аден портында бір адам америкалық кемеде өзін-өзі жарып, 17 теңізші өлген. Ондаған теңізші жараланған. Жарылысты «Әл-Каида» «біз ұйымдастырдық» деп мойнына алған.

Дереккөз: Азаттық