Ашық сабақ Салауатты отбасы 2-сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық сабақ Салауатты отбасы 2-сынып

Автор: Баймбетова Айгерим Акылбековна

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-06


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімдерге керек




Тексерілді:ОІЖО: Ж.Айтбенбетова Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: «Достық» жомКүні: 19.12.2018ж №: 15Мұғалімі: Баймбетова АйгеримСыныбы: 2Оқушылардың саны: 12Тақырыбы: Салауатты отбасы Құндылығы: СүйіспеншілікҚасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, татулық.

Мақсаты: оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілікті қадірлеуге үйрету2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)1. bilim-all.kz2. uzdikter.biz3. www.tarbie.kz
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. «Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру) және түспен бөлу әдісі.Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және оқушылар қораптағы жасыл конфетпен қызыл конфет бойынша топқа біріктіріледі.5 Т – ережесі:1. Тәртіп.2. Талап. 3. Тыныштық.4. Тазалық.5. Татулық.Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат.» (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2. Үйге тапсырманы тексеру «Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгімені оқып келу.«Ашық микрофон» әдісі. Сұрақтар: 1. Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар?2. Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүруі керек?3. Өз отбастарыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен?
3. Сабақтың дәйексөзі.(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады» Қазақ мақалы
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).Сары тауық пен балапандарыМ. ТөрежановКүздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған, балғын еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

  • Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан.
  • Ол тым жас.
  • Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
  • Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
  • Мен,- деді тұңғышы.
  • Мен барайын! — деді оған тетелесі.
  • Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі.
  • Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
  • Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
  • Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.Сұрақтар:

  • Алғашқы қарсылық білдірген ақ балапанның әрекетінен қандай сабақ алдыңдар?
  • Неліктен әлсіз адамдарға сүйіспеншілік танытып, көмектесуіміз қажет?
  • Ересек адамдардан қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар?
  • «Бақытты отбасы үлгісі» бейнебаян.

    5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Тапсырма: 1топ: Кестеге назар аударыңдар. Отбасындағы аға, іні, әпке, сіңлі, қарындастың міндеттерін жазыңдар.2 – топ:
    6. Топпен ән айту.«Ақ мамам» әніФариза ОңғарсыноваАйжігіт АсановЕркелесем күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп менің,Құлыншағым күнім дейтін.Ақ мамам, Ақ мамам.Құлыншағым күнім дейтін.Ақ мамам, Ақ мамам.Құлыншағым күнім дейтін.Әлемдегі ақылды адам, Бәрінен сол жақын маған.Ол жанымда жүрсе менің,Батырларша батылданам.Ақ мамам, Ақ мамам.Батырларша батылданам.Ақ мамам, Ақ мамам.Батырларша батылданам.Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылып.Мәпелеген ақ мамамды,Жүрсем деймін шаттандырып.Ақ мамам, Ақ мамам.Жүрсем деймін шаттандырып.Ақ мамам, Ақ мамам.Жүрсем деймін шаттандырып.
    7. Үй тапсырмасы.1. №15 – сабақ. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.2. Келесі сабақ. №16, Ел аузынан «Жаның жеті жаманнан аман болсын» оқып келу.
    8. Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.