Төсін жалаңаштаған депутат қыз — Динагүл Тасова қалай соққыға жығылғанын айтып берді

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

221 0 0

Қыздың айтуынша, 34 жастағы бұрынғы сүйіктісінің психологиялық проблемасы бар

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Былтыр желтоқсанда төсін жалаңаштағаны үшін қазақстандықтардың сынына іліккен модель Динагүл Тасова өзін соққыға жыққан жігітінің үстінен неге арыз жазбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

28 жастағы Динагүл Тасова – VII шақырылымдағы Астана жастар мәслихатының депутаты. Ресми түрде модель болып істегеніне бес жыл болған. Өткен жылдың 30 қарашасында қазақстандық дизайнер Дана Дүйсембаева ұйымдастырған сән көрсетілімінде астары жоқ ашық көйлек киіп шығып, жұрттан сөз естіген еді.  

«Маған ашық көйлек киесің деп алдын ала ешкім ескерткен жоқ. Бұл сахналық образ, іш киімсіз шығасың деді. Мен де келістім. Көрсетілімнен кейін екі сағат ішінде жан-жақтан менің суретім басылған сілтемелер келе бастады. Бәрінде менің депутат екенім жазылған», — дейді ол Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында. 

Тасова бұған дейін журналистерге өзінің депутат екенін айтып, сұқбат бермегенін атап өтті. 


©
Sputnik / Владислав Воднев

Динагул Тасова

«Жастар мәслихаты қоғамдық бірлестік. Мен онда істейтінімді ресми түрле жариялаған емеспін. Бірақ, инстаграмдағы парақшамда депутат екенім көрсетілген», — деді модель. 

Көрсетілімнен кейін он күн өткен соң, сүйіктісі оны соққыға жыққан.

«Арамызда ешқашан құпия болған емес, менің киіміме араласпайтын, тыйым да салған жоқ. Бұған дейін іш киім көрсетіліміне де қатысқан едім. Ол кезде де ештеңе деген жоқ. Бірақ, мынау соңғы көрсетілімнен кейін ұра бастағанда, оның бұл әрекетін мүлде түсінбедім. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды өшіріп, телефн, компьютерімді тартып алды. Мені жіберші деп жалындым. Бір кезде ол маған кілтті лақтырып, жүгір деді. Мен далаға атып шығып, сол күйі оны көрген жоқпын», — деді ол. 

Айтуынша, сүйіктісі оны қылқындырып, пышақ та ала жүгірген. 

«Бір күні менің жұмыс орныма хабарласып, өзін БАҚ өкілі деп таныстырып, менімен сөйлеспекші болды. «Сен әлі тірі жүрсің бе» деген кезде, оның мені жай жібере салмайтынын түсіндім. Сөйтіп оны тоқтату үшін фотосессия жасауды ұйғардым», — дейді депутат-модель. 

Осы фотосессиядан кейін бұрынғы жігіті хабарласып, психологиялық проблемасы бар екенін айтқан.

2018 жылы ерекше образымен жұртты шулатқан жұлдыздар — фото

«Мен онымен соттасқым келмейді, оның мінезін жақсы білемін. Одан сайын ерегісіп алғанын қаламаймын. Оның үстіне біреудің жалғыз ұлы, қазір психологқа қаралып жүргенін айтты. Менен кешірім сұрап, бес жыл бойы кемшіліктеріне көз жұма қарағаным үшін алғысын айтты. Сондықтан оның үстінен арызданбадым», — дейді қыз.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Динагул Тасова

Айтуынша, 34 жастағы бұрынғы сүйіктісімен азаматтық некеде болған.

Ашық-шашық көйлек киген танымал әртістер — фото

«Үйленбеген, бала-шағасы жоқ. Бір жақсы жерде техникалық директор болып істейді», — деді модель.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/