Атырауда болған жан түршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты

0

Аман қалған тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Атыраудағы көпірде болған жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты Атырау қаласында 25 қаңтарға қараған түнде болған. Жайық өзенінің үстіне салынған көпірлердің бірінде Lexus және ВАЗ автомобильдері соқтығысып қалған. Құтқарушылар Жигулидің ішіндегі адамдарды темір кесетін құралдардың көмегімен шығарып алды. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, ал аман қалғандар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») 3-бөлігі («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/