Төртінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал

0

Бүгін достармен кездесіп, конференцияға қатысу үшін жақсы уақыт. Электроника мен техникаға әуес жандар үшін де қолайлы күн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ төртінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

 

Көрнекі фото:Kolobok.ua

1.Тоқты

Көптен бері ренжісіп жүрген адаммен татуласасыз. Бірақ сезімдер құрсауында жүріп, біреудің жаман пиғылынан опық жеп қалмаңыз.

2. Торпақ

Көмек сұрағыңыз келіп жүрген адаммен тілдесу үшін таптырмайтын күн. Күннің екінші жартысын отбасыңызбен өткізіңіз. Ішімдік ішпеңіз.

3. Егіздер

Күш-жігеріңіздің артқанын байқайсыз. Шығармашылық бастамалар үшін қолайлы күн. Жұмыс немесе кәсіби саланы ауыстыратын кез келді. Жетістікке жетуге түйсігіңіз бен іскерлігіңіз көмектеседі.

4. Шаян

Ашуға бой алдырып, біреудің арандатушылығының құрбанына айналмаңыз. Әйтпесе күшіңіз сарқылып, әліңіз құриды. Түйсігіңізге құлақ түріп, сезідеріңізге сенім артыңыз.

5. Арыстан

Сіз үшін өте қолайлы күн. Көптен бері өміріңізге өзгеріс енгізгіңіз келсе, бүгін бастауға болады. Күмәндарды ысырып қойып, нар тәуекелге баруға болады. Бүгін сәттілік серігіңіз болады.

6. Бикеш

Көтеріңкі көңіл-күй барлық істе жетістікке жетуге көмектеседі. Алайда бүгін келісімшарттарға қол қойып, некелесуге болмайды. Ешкіммен ренжіспеуге тырысыңыз.

7. Таразы

Құрған жоспарларыңыз іске аспай, жағдайға қарай әрекет етуге тура келеді. Көптен бері мазалап жүрген сұрақтың жауабын аласыз.

8. Сарышаян

Бүгін жанжалдың ортасында қалуыңыз мүмкін. Қандай жағдай болмасын, өз пікіріңізді ұстанып, түйсігіңізге құлақ асыңыз.

9. Мерген

Іссапар мен саяхат үшін сәтті күн. Жолда жолыңыз болып, іскерлік және жеке жеңістерге қол жеткізесіз.

10. Тауешкі

Бүгін қаржылық келісімдер мен жылжымайтын мүлік алуға қатысты келіссөздер сәтті өтеді. Күні бойы көптеген тосынсыйлар болады.

11. Суқұйғыш

Ішкі сезімдеріңізге құлақ асып, бақытты болу үшін не жетпейтінін түсінуге тырысыңыз. Бүгін шешімін табу оңай болады.

12. Балықтар

Бүгінгі күн көңіл көтеріп, демалуға арналған. Маңызды шаруалар ертеңге қалсын. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту бүгінгі күннің басты мақсатына айналсын. Дәрумендер ішіп, спортпен шұғылдаңыз.

Дереккөз: kaz.nur.kz