Танымал спорт жұлдыздары «Халық Аренаға» Денис Теннің атын беруге шақырды (видео)

0

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева мен төрт құрлықтағы чемпионаттың қола жүлдегері америкалық Джейсон Браун Алматыдағы Halyk Arena кешеніне Денис Теннің атын беруді қолдап, үндеу жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео үндеуді спортшылар Instagram-дағы denisten_official парақшасында жариялаған. Олар жанкүйерлерден атауды ауыстыру үшін петицияны қолдауға шақырды.

«Ол мәнерлеп сырғанауға үлкен үлес қосты, әсіресе Қазақстанның. Ол біздің жақын адамымыз, досымыз еді. Оның аты мәңгілікке қалғанын қалаймыз» , — деді спортшылар.

Halyk Arena кешеніне Денис Теннің атын беру петициясы қаңтардың аяғында пайда болды. Оған қол қою үшін сілтемемен өту керек.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар Алматыдағы мұз айдынына Денис Теннің атын беруді ұсынған болатын

https://www.instagram.com/p/BtXmTdAA6LY/?utm_source=ig_embed

Дереккөз: kaz.nur.kz


Тегтер:Денис Тен