Төрешіге нарзылық білдірген Смақовқа 1,2 миллион теңге айыппұл салынды
«Ақтөбе» футбол клубы мен команданың бас директоры Самат Смақовқа премьер-лиганың 33-ші туры аясындағы «Қайсармен» матч қорытындысы бойынша 1,2 миллион теңге айыппұл салынды.
«Қайсардың» бес ойыншысына ескерту жасалып, Тәртіптік регламенттің 48-бабының 1-тарауы бойынша 100 АЕК (240 500 теңге) айыппұл салынды. Футбол клубы бұл айыппұлды 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін төлеуі тиіс.
Ал «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Смақовтың алаңға шығып кетуі мен төрешіге наразылығын білдіргені үшін Тәртіптік регламенттің 66-бабы бойынша оған 200 АЕК (481 000 теңге) айыппұл салынды.
Ал көрермендер мен жанкүйерлердің төрешілер бригадасына қатысты айтқан бейәдеп сөздері үшін «Ақтөбеге» 300 АЕК (721 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл және клуб директорына салынған айыппұл да 15 желтоқсанға дейін төлену керек екен.
Дереккөз: Vesti.kz