Алматыда орташа жылдамдықты асырғандарға қашан айыппұл салынады? — новости Казахстана

0

Алматы полициясы көлік иелеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін қашаннан бастап айыппұл салынатынын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Nur.kz, azh.kz. Коллаж: NUR.KZ

Көрнекі фото: Nur.kz, azh.kz. Коллаж: NUR.KZ

Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа ереже 1 желтоқсаннан бастап күшіне енбек. Дәл осы күннен бастап жылдамдықты асырған жүргізушілер айыппұл төлей бастайды.

Сондай-ақ полиция жолға қосымша аппараттар мен камералар орнатпайтынын айтты. Орташа жылдамдықты бақылау үшін олар 2013 жылдан бастап қалада жұмыс істеп келе жатқан құрылғыға арнайы функциялар қосатынын мәлім етті.

Бұл камералар Алматының Сайын көшесінің көпірлеріне және Абай көшесінің барлық қиылысына орналастырылған.

Айта кетейік, қазір Алматыда мұндай жүйенің саны 110. Алайда мамандар оны 142-ге жеткізуді көздеп отыр.

Ескерте кетейік, аталмыш камералар көліктердің барлық бағыты бойынша орташа жылдамдықты есептейді.